• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Мамыр, 2024

Халықаралық турнирде Қазақстан велошабандозы топ жарды

124 рет
көрсетілді

Велоспорттан осы айдың 15-19 күндері Польшада өткен Orlen Nations Grand Prix халықаралық турнирінде Қазақстан спортшысы шешуші 5-ші кезеңде топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

21 жастағы отандасымыз Илхан Достиев 3:38:15 көрсеткішімен мәреге бірінші жетіп, алтын медаль иеленді.

Бес күнге жалғасқан байрақты бәсекеге 22 елден 117 велошабандоз қатысты.