• RUB:
    6.39
  • USD:
    510.84
  • EUR:
    579.7
Басты сайтқа өту
Елорда 09 Маусым, 2024

Астанада Игілік көшесінің учаскесі жабылады

130 рет
көрсетілді

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Игілік көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты осы айдың 10-12 күндері Жаңажол көшесінен Тайбурыл көшесіне дейінгі Игілік көшесінің учаскесі толығымен жабылады.

Тұрғындар мен қонақтардан қала жолдарында кептелістерді болдырмау үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлау сұралады.