• RUB:
    6.39
  • USD:
    510.84
  • EUR:
    579.7
Басты сайтқа өту
Тағайындау 25 Маусым, 2024

ҚМА-ның Ұлытау облысындағы департаментіне жаңа басшы келді

124 рет
көрсетілді

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Агенттік Төрағасының бұйрығымен Битанов Ерлан Жанғазыұлы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол аталған тағайындауға дейін Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.