• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Шілде, 2024

Алматы облысы тауларында жоғалып кеткен туристер табылды

134 рет
көрсетілді

5 адамнан тұратын туристік топ тауға көтеріліп, өз бетінше түсе алмаған. Оларды іздестіру операциясы Қарасай ауданының «Девичьи слёзы» сарқырамасының маңында жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД құтқарушылары және Алматы қаласының құтқару қызметінің құтқарушылары дереу шығып, іздестіру жұмыстарын жүргізді.Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылы арқасында 19-20 жастағы жас туристер аман-есен табылды.

«Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты құтқару жұмыстары 5 сағатқа созылды. Туристерге медициналық көмек қажет болған жоқ», делінген хабарламада.