• RUB:
    6.39
  • USD:
    510.84
  • EUR:
    579.7
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Шілде, 2024

Париж Паралимпиадасы: Қоржын тағы бір лицензиямен толықты

443 рет
көрсетілді

Париж-2024 Паралимпиада ойындарына пара жеңіл атлетикадан қоржынға кезекті жолдама түсті, деп жазады Egemen.kz.

CSP-parasport.kz мәліметінше жолдама жеңіп алған Салтанат Әбілхасымқызы Т35 классында 100 метрге жүгіру дисциплинасында додаға енеді. Бұл осымен аталған спорттан 4-ші лицензия. Бұдан бөлек Парижде пара жеңіл атлетикадан ел намысын Дастан Мұқашбеков, Жоламан Еламан, Гүлбахыт Қайыржанова қорғайтын болады. Паралимпиада ойындары бойынша қазіргі уақытта Қазақстанның 8 спорт түрінен 22 лицензиясы бар.