• RUB:
    6.66
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.91
Басты сайтқа өту
Елорда 28 Шілде, 2024

Астанада Тұран даңғылы жабылады

120 рет
көрсетілді

Елордада Тұран даңғылының учаскесі ішінара жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Хусейн бен Талал көшесінен Жұлдыз айналымына дейінгі учаскедегі Тұран даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлімдеді.

- Қозғалыс 28-30 шілде аралығында ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта (әуежайдан қалаға қарай) жүзеге асырылады, – деді елорда әкімдігінің өкілдері.

Астана тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауға тиіс, деп ескертті мамандар.