• RUB:
    6.48
  • USD:
    508.42
  • EUR:
    580.72
Басты сайтқа өту
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 09 Қыркүйек, 2024

Дүниежүзілік көшпелілер ойындары: Аударыспақтан үш спортшымыз финалға шықты

135 рет
көрсетілді

Бүгін этноауыл аумағында Дүниежүзілік көшпелілер ойындары аясында аударыспақтан жарыс басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аударыспақ аламанына 9 елден 64 спортшы қатысып жатыр. Олардың қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей, Қытай, АҚШ, Түркия және Венгрия бар.

Ат үстіндегі айқаста қарсыластарын алып ұрған Қазақстанның үш спортшысы финалға жолдама алды:

Ермек Құралбай (60 келі); Алмат Ләптібек (70 келі); Дарын Өткелбай (80 келі). 

Еске сала кетейік, бүгін, 9 қыркүйекте Астанадағы Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында дәстүрлі спорт түрлерінен жарыстар өтеді.