Бұл қызметті Бақытбек Рахымбердиев атқарады, деп жазады Egemen.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Төлешұлы Рахымбердиев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды», делінген Ақорда хабарламасында.