• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Балалар 09 Қазан, 2024

Шымкентте алып сәби дүниеге келді

140 рет
көрсетілді

Шымкентте салмағы 6 келіден асқан алып сәби дүние есігін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нәрестенің салмағы - 6,5 келі, ал бойы - 63 сантиметр.

Qazaqstan ұлттық арнасы хабарлағандай, дәрігерлер жүкті әйелді операциясыз, яғни табиғи жолмен босандырып алған. Қазір баланың да, ананың да жағдайы жақсы. Ата-анасы оған Тәуекел деген есім берген.

Айта кетейік, Тәуекел - көпбалалы отбасының алтыншы перзенті.