• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Қазан, 2024

Қысқы Азия ойындарына 100 күн қалды

163 рет
көрсетілді

IX қысқы Азия ойындары 2025 жылдың ақпан айының 7-14 күндері аралығында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытайдың Харбин қаласында өтетін дүбірлі додаға 34 елден 1500-ге жуық спортшы қатысуға өтініш беріп үлгерген. Бұл – тарихта ең көп ел қатысатын қысқы Азиаданың бірі болмақ.

Айта кетсек, қысқы Азия ойындары Харбинде екінші рет өтпек. Бұған дейін 1996 жылы өткізілген ІІІ қысқы Азиадада Қазақстан құрамасы 14 алтын, 9 күміс, 8 қола (барлығы 31) жүлдемен жалпы есепте 2-орын иеленген еді.

Qazsporttv мәліметінше 12 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ.