• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 08:36

Атырауда әйел адамнан 160-қа жуық психотроптық дәрі тәркіленді

Атырауда әйел адамнан 160-қа жуық психотроптық дәрі тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы №2 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторларымен бірге жедел-іздестіру іс-шарасы аясында психотроптық заттарды заңсыз сақтады деген күдікпен 28 жастағы әйел адамды ұстады.

«Жасырын орындар» әшкереленді: Ақтөбеде психотроптық заттарды сатушы сотталды

Көпқабатты үйдің ауласында одан тропикамид психотроптық препаратының 159 құтысы тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Атырау облысы полиция департаменті психотроптық заттардың заңсыз айналымы қоғамға елеулі қауіп төндіретінін және ол үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Пәтер емес, есірткі қоймасы: Жалдамалы пәтерде психотроптық заттарды сақтаған тұрғын ұсталды

Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстанда ірі көлемде психотроптық зат дайындағандар ұсталды.

Соңғы жаңалықтар