• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Қараша, 2024

Камала Харрис АҚШ жаңа президентін құттықтады

210 рет
көрсетілді

АҚШ президенттігіне демократтар атынан кандидат болған вице-президент Камала Харрис республикашылдар атынан түскен қарсыласы Дональд Трампты 2024 жылғы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтау үшін қоңырау шалды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дональд Трамп пен Камала Харрис сәрсенбіде таңертең телефонмен сөйлесті. Харрис Трампты тарихи жеңісімен құттықтады. Президент Трамп вице-президенттің күшін, кәсібилігін және табандылығын жоғары бағалады, екі көшбасшы да елдегі бірліктің маңызын мойындады», - деп жазылған Трамптың сайлауалды штабының мәлімдемесінде.