• RUB:
    6.44
  • USD:
    511.92
  • EUR:
    588.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Қараша, 2024

Астанада студенттер екі күнге қашықтықтан оқытуға көшіріледі

150 рет
көрсетілді

27-28 қарашада Астанада өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына байланысты кейбір студенттер онлайн оқытуға көшіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаевтың айтуынша, 27-28 қарашада:

4 жоғары оқу орны қашықтықтан оқыту форматына көшеді; 2 жоғары оқу орны сабақты ішінара қашықтықтан өткізеді; 2 ЖОО студенттерді демалысқа жіберді (1-ші триместр); 5 ЖОО дәстүрлі офлайн оқыту форматын қалдырды.

Ол ЖОО өздерінің академиялық саясаттарына сәйкес шешімді дербес қабылдайтынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 27-28 қарашада шетелдік мемлекет басшыларының қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысын дайындау және өткізу аясында көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер заңнаманың жекелеген учаскелерінде енгізіледі. 

 

 
Соңғы жаңалықтар