• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Мектеп 27 Қараша, 2024

58 мектеп лицензиясыз жұмыс істеген

82 рет
көрсетілді

Елімізде 58 мектеп қажетті лицензиясы болмаса да білім беріп келген. Осы оқу ошақтарына мұндай өрескел заң бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Министрлік ақпаратына сүйенсек, атал­ған келеңсіздік Бі­лім саласындағы сапаны қам­та­масыз ету комитеті мен оның аумақтық депар­та­­менттерінің білім ұйымда­рына мониторингі барысын­да анықталды. Жыл басынан бері жүргізілген тексеру нәтижесі көрсеткендей, 58 мектеп білім беру қызме­тін лицензиясыз жүргізген. Бүгінгі таңда соның 17-сі оқыту қызметіне қойылатын талаптарға сәйкестендірді. Лицензиясыз қызмет жүр­гіз­ген мектептерге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабы бойынша айыппұл салуға сот қаулысы шықты. Бұл білім беру ұйымдары негізінен Астана, Алматы қалалары мен Атырау, Алматы, Батыс Қа­зақстан, Түркістан, Маң­ғыс­тау, Жамбыл облыс­тарында орналасқан.

Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету коми­тетінің  төрағасы Ернұр Дәуе­нов осы мәселеге орай: «Қол­да­ныстағы «Білім туралы» Заң­ға сәйкес бар­лық мектеп білім беру қызметін бастамас бұрын рұқсат алуға міндетті. Ли­цензияның болмауы мек­тептердің талаптарға сәй­кестігі бойынша тексеруден өтпегенін немесе рұқсат алу үшін құжаттарды тап­сырмағанын білдіреді. Білім беру ұйымдары білім беру қызметімен айналысуға лицензия алған сәттен бас­тап қана құқылы. Егер мектеп мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап алты ай ішінде лицензия алмаса, сот тәртібімен жабылуға тиіс», деп пікір білдірді.

Лицензия алуға қойы­ла­тын негізгі талаптар тиіс­ті материалдық-техни­ка­­лық ба­заның, білікті педа­го­гикалық құрамның бо­луын, санитарлық-эпи­де­миологиялық, өртке қарсы нормалардың сақта­луын, сондай-ақ білім алу­шы­ларға медициналық қыз­мет көрсетуді ұйымдас­ты­руды қамтиды. Осы талап­­тар­ға сәйкес келмеу әкім­шілік жаза қолдану мен қай­та­лама бұзушылық бол­ған жағдайда білім беру ме­кемесінің қызметін тоқтату үшін негіз болып саналады. 

Айта кету керек, мектеп­тер бағыныстылығы жағы­нан жергілікті атқарушы органдарға қарайды. Өз кезе­гінде аумақтық департаменттер өңірлік әкімдіктер мен білім басқарма­ларының басшыларына бұзушылықтар­ды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ресми хат жолдады.  

Соңғы жаңалықтар