• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Алматы 04 Желтоқсан, 2024

Жатақхана құрылысы басталды

94 рет
көрсетілді

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 90 жылдық мерейтойына орай жатақхана құрылысы басталып, болашақ ұрпаққа жолдау жазылған капсула студенттерге арналған ғимараттың іргетасына қаланды.

Жатақхана «Қар­жы орта­лы­ғы» АҚ және Ғы­лым және жоғары білім министр­лігі­нің қол­дауымен жүзеге асып жатқан «Бес әлеуметтік бас­­тама» мем­лекеттік бағ­дар­ламасы негізінде қолға алынып отыр. Жоба­ны «Forum Invest» және «EPC Stroy Group» құрылыс компаниясы қар­жы­­лан­дырады.

Қ.Сәтбаев университеті құры­лыс департаменті­нің директоры Ришат Тыныбеков­тің айтуынша, 9 қабатты жа­тақ­­хана 955 орынға арнал­ған. Заманауи ғимаратта жас­тар үшін жағдайдың барлығы қарас­тырылады.

«EPC Stroy Group» компа­ния­сының басшысы Ерлан Қожы­қов ком­панияның Қ.Сәт­баев уни­вер­ситетімен әріп­­­­тес­­тігін құптай отырып, «Елі­­міздегі жастардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін инвестиция салуға дайынбыз. Құрылыс барысында экологиялық таза және энергияны үнемдейтін материалдар қолданыла­тын болады. Сейс­микалық нормаларды сақтай оты­рып, жаңа ғимаратты 2026 жыл­дың ақпан айында пайдалануға бе­ру­ді жос­парлап отырмыз», деді ол.

­Іс-шараға университет қам­қоршылық кеңесінің төрағасы, про­фессор Ұлық­пан Сыдықов, оқу орнын­дағы ақсақалдар кеңесі мен рек­торлар кеңесінен профессор Әбдіғаппар Әшімов, Алматы қаласы әкімдігінің Жастар сая­саты бөлімінің меңгеру­шісі Азиз Қажденбек, «Қаржы орталығы» АҚ Алматы қала­сындағы өкілдігінің директоры Ұлан Өтебаев, «EPC Stroy Group» компаниясынан Динара Байым­бетова, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Инновациялық және тех­­­никалық білім беру­дегі же­текші оқу орны ре­тінде дамып келе жат­қан Қ.Сәтбаев атын­дағы ҚазҰТЗУ студенттерге жай­лы жатақханамен қатар заманауи зертханаларды жабдықтау ісін­де де ілкімді жобаларды жүзеге асы­рып жатыр.

 

АЛМАТЫ