• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Желтоқсан, 2024

Маңғыстау облысында 13 жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды

106 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жолшыларды қар құрсауынан алып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Кеше Маңғыстау облысының 112 қызметіне қар құрсауында қалып қойған  саяхатшылар мен 13 жүк көлігі туралы хабарлама келіп түсті», деп хабарлады ТЖМ. 

Құтқарушылар Жетібай-Жаңаөзен тас жолының 204 шақырымына дереу жолға шықты. 

Жүк көліктері жолдың тазартылған бөлігіне сүйреп шығарылды. Құтқарылғандарға медициналық көмек және эвакуация қажет болмады. 

 

Соңғы жаңалықтар