• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Үкімет 18 Желтоқсан, 2024

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді

106 рет
көрсетілді

«Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысында қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов биылғы 11 айдағы өндірістік және қаржылық көрсеткіштер бойынша баяндама жасады, деп жазады Egemen.kz.

Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының инвестициялық портфелі жалпы сомасы 53,5 трлн теңгені құрайтын 130-ға жуық жобаны қамтып отыр.

Оның ішінде Үкіметтің ерекше бақылауында тұрған 44 инвестициялық ірі жобаның іске асырылу барысы қаралды. 

Нұрлан Жақыпов «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырын салу жобасы бойынша жоспарланған 302 шақырымдық газ құбырының 95,5 шақырымы тартылғанын, жұмыстар мерзімінен бұрын жүргізіліп жатқанын да атап өтті. 

Оның сөзінше, «Достық – Мойынты» теміржол дәлізін жаңғырту аясында жоспарланған 836 шақырым жолдың 786 шақырымы салынып, бұл да осы кезеңдегі жоспарлы көрсеткіштерден асып түскен.

Қызылорда облысында электр стансасын салу шеңберінде 2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ мен қатарлық инвестор PIH арасында қуаты 1 ГВт жел электр стансаларын іске қосу жобасын бірлесіп жүзеге асыру туралы – Masdar (БАӘ) компаниясымен бірлескен жоба бойынша инвестициялық келісімге қол қойылған.

Мұнай-газ-химиясы, электр энергетикасы, көлік-логистика, тау-кен, телекоммуникация секторларындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін 2025-2029 жылдары Қордың меншікті қаражатының 3,6 трлн теңгесін қосқанда, шамамен 9,6 трлн теңге инвестициялау жоспарланған.

Жиында бірқатар құжат қабылданып, қордың алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары бекітілді.