Елорда 20 Желтоқсан, 2024

Биыл Астанада 3,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

174 рет
көрсетілді

Астана қаласының әкімі Женіс Қасымбек елорда экономикасы өсіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Қала экономикасы өсіп келеді. Жалпы өңірлік өнім бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 7% болды, бұл – 5,4 трлн теңге. Биыл жалпы өңірлік өнім құрылымында өндіріс секторының үлесі 13,9%-дан 15,7%-ға дейін өсуі байқалады. Бұл өнеркәсіп және құрылыс салаларының белсенді дамуының арқасында болып отыр. Негізгі драйвер – шағын және орта бизнес, ол елорда экономикасының 72,1%-ын құрайды. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш», деді қала әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, елордада жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 7,3%-ға өсіп, 247 мыңнан асты. 

«Елорданың жеке табысы алғаш рет 1 трлн теңгеден асты. Бұл барлық негізгі санаттар бойынша салық түсімдерінің өсуіне байланысты мүмкін болды. Инвестиция көлемі 1,6 трлн теңгеден асып, 20,4%-ға ұлғайды. Бұл соманың 70%-дан астамы – жеке инвестициялар. Елорданың құрылыс секторының қарқыны 870 млрд теңгеден асты», деді Жеңіс Қасымбек.

11 айдың ішінде Астанада 3,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға көп.