• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Желтоқсан, 2024

Қызылордада браконерьлер ұсталды

101 рет
көрсетілді

Қызылорда облысындағы Сырдария ауданында браконьерлік топ анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Тоқтатылған 2 автокөліктің («УАЗ» және «НИВА») бірінен аңшылық қару-жарақ пен оқ-дәрілер анықталған. Олар киік пен қояндарды заңсыз аулаған.

«Киік» рейдтік іс-шаралары барысында аталған заңсыз аңшылыққа тосқауыл қойғандар – РКҚ «ӨБ Охотзоопром» және орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі инспекциясы инспекторлары.

«Барлық ұсталғандар жергілікті полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу басталды», делінген ведомство хабарламасында.