• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.58
  • EUR:
    609.36
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Желтоқсан, 2024

Ақтаудағы ұшақ апаты: ИКАО-ның арнайы тергеушісі Қазақстанға келді

140 рет
көрсетілді

Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Бас хатшысының тапсырмасына сәйкес, бүгін, жексенбі күні Ақтау қаласына арнайы бақылаушы – авиациялық оқиғаларды тергеу секциясының басшысы Тормодур Тормодсон ұшып келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ИКАО Қазақстанның авиациялық билік өкілдерінің тергеп-тексеру барысындағы ашықтығы мен мүдделі мемлекеттермен өзара әрекетін жоғары бағалады. Бүгінгі таңда 17 халықаралық сарапшының барлығы Ақтау қаласында», деп жазылған ведомствоның ақпаратында.