• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Егемен Қазақстан 01 Қаңтар, 2025

Әріптестеріміз – Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың иегері

57 рет
көрсетілді

Жаңа жылдың қуанышпен басталғаны қандай жақсы. Адамға ерекше көңіл күй сыйлайды. Бүгін талантты жас қаламгерлер үшін ақ түйенің қарны жарылды. Өйткені Президенттік арнаулы әдеби сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды. Солардың ішінде «Egemen Qazaqstan» газеті Мәдениет және әдебиет бөлімінің меңгерушісі Жәнібек Әлиман «Поэзия» аталымында топ жарды.

Президенттік арнаулы әдеби сыйлығы байқауына қатысқан жас қалам­герлердің бәрі де олқы емес. Есім­дері оқырманға жақсы таныс. Айталық, «Проза» аталымында Есбол Социалханның «2026» шығармасы үз­дік деп танылса, «Драматургия» аталымында «Апатай» драмалық туындысы үшін Әлішер Айтуардың жұл­дызы жанды. Ал «Балалар әдебиеті» ата­лы­мында «Рокет Ера. Синопсис» повесі үшін Әсет Сыздықов дараланды. Біздің Жәнібек «Поэзия» аталымын «Боз ұшқат» өлеңдер жинағымен иеленді.

Бүгінге дейін Жәнібек Әлиманның екі-үш жыр жинағы жарық көрген. Қазақы қара өлеңнің қайнарын қанып ішкен жас ақынның поэзиясы ұлттық рухқа толы. Әсіресе өлеңдеріндегі ер­кін­дік пен сыршылдық оқырманын бейжай қалдырмайды.

Әдебиет сыншыларынан да жоғары бағасын алып жүр. Сондықтан жас ақынның  бұл сыйлыққа ие болуы заңды да. Айтпақшы, «Егеменнің» талантты ақыны Жәнібекпен қатар «Казправданың» оғыланы, балалар жазушысы Әсет те байқау жеңімпазы атанды.  Қысқасы, бұл «Қазақ газеттері» серіктестігі қызметкерлерінің шығармашылығы әлеуетінің мықтылығының дәлелі.

Соңғы жаңалықтар