• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Теннис 08 Қаңтар, 2025

Қазақстан теннисшілері беделді турнирдің іріктеуінен өте алмады

70 рет
көрсетілді

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Australian Open-2025 іріктеу кезеңінде сүрінді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Australian Open-2025 турнирінің іріктеуінде Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко және Тимофей Скатов бақ сынады. 

Ел теннисшілері эстониялық спортшыларға есе жіберді. 

Кукушкин екі сетте эстониялық Марк Лаялдан – 0:6, 2:6 есебімен қапы қалды. Скатов Борна Гойодан жеңіліп қалды. Сеттегі қорытынды есеп – 3:6, 4:6, ал Попко Гонконг спортшысы Коулман Воннан айласын асыра алмады – 5:7, 6:3, 5:7.