• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Еңбек 09 Қаңтар, 2025

Миллионнан астам мал қыстауға кірді

44 рет
көрсетілді

Павлодар облысында бүгінде 467 мыңнан астам ірі қара, 623 мың қой-ешкі, 279 мыңнан астам жылқы бар. Жылқыны қоспағанда қыстауларға бір миллионнан аса мал кірді.

Өңірдегі фермерлер мен жеке тұрғындардың қыстағында 456 мың қара мал, 623 мың қой мен ешкі бар.

«Биыл жазда жем-шөп дайын­­далған шабындықтар аума­­ғы 281 мың гектарды құрап, өткен жылғыдан 19 мың гектарға артық болды. Нәтижесінде фер­мер­­леріміз бір жарым жылға жете­тін мал азығын қамдап алды. Шамамен 1 млн 835,6 мың тон­на шөп шабылып, жоспар артығымен орындалды. Бұған қоса 112,3 мың тонна пішендеме, 182 мың тонна сүрлем, 317 мың тонна сабан дайындалды. Шабын­­дықтарда маяланған шөп­тің 91%-ы қыстақтарға жеткізілді», дейді Павлодар облысы ауыл шаруашылығы бас­қар­масы басшысының орынбасары Төлеген Көшербаев.

Аймақтағы ірі қара малдың 17,6%-ы асыл тұқымды. 168-ден астам шаруашылық асыл тұ­қымды сиырларды өсірумен айналысады. Ет бағытында – қазақтың ақбас сиыры, герефорд, абердин-ангус, әулиекөл тұқымдары, сүт бағытында симментал, голштин, қызыл дала түрлері өсіріліп отыр. Ал ұсақ малдардың 3,9%-ы, жылқының небәрі 2,4%-ы ғана асыл түлік саналады.

Статистикалық деректер ай­мақ­тағы ірі қараның азайғанын көр­сетеді. 2022 жылы өңірде 527,8 мың түлік саналса, қазір олардың саны 467 мыңнан сәл асады. Ал жылқы соңғы екі жылда 58 мыңға өскен. Облыста түйемен айналысатын шаруашылықтар да көбейе түскен. 2022 жылы аймақта Зеңгі баба тұқымының 32 түлігі тіркелсе, бүгінде олардың саны 150-ге жуықтаған.

 

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар