• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Қаңтар, 2025

Фристайл-могул: Жұптық сында жүлде алды

70 рет
көрсетілді

Отандастарымыздың жұптық тобы фристайл-могулдан күміс жүлдеге қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан-2 командасы (Денис Раструба, Юлия Фиклистова) финалда 28 ұпай жинап, күміс медаль иеленді. Ал бірінші және үшінші орындарды АҚШ-2 құрамасы алды.

7 қаңтарда жасөспірімдер арасында фристайл-могул және фристайл-акробатикадан басталған әлем чемпионаты Алматыда «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында өтіп жатыр. Жарыс 11 қаңтарда аяқталады.