• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Экономика 14 Қаңтар, 2025

Шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркелуге міндеттеледі

74 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында сауда және интеграция министрлігі шетелдік онлайн-дүкендердің қызметін қайта қарау бастамасын көтерді, деп жазады Egemen.kz.

Ведомство басшысы Арман Шаққалиев шетелдік маркетплейстерді тіркеу бойынша электрондық платформа енгізуді ұсынды. Бұдан басқа, маркетплейстер үшін тауарлардың қауіпсіздігі, контрафактіге қарсы күрес, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жеке деректерді сақтау және қорғау, салықтық және кедендік ашықтық жөніндегі талаптарды сақтау мақсатында міндетті шарттарды енгізу жоспарланып отыр. 

Мұндай шараларды қабылдауға шетелдік онлайн-сауда алаңдарына азаматтардың шағымдары көбейіп кеткені себеп болған.