• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қаңтар, 2025

Ұлттық ұлан қызметкерлері майдангерді туған күнімен құттықтады

53 рет
көрсетілді

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан қызметкерлері майдангерді 99 жасқа толған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімінің қызметкерлері екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Сансыбай Нұрышевті туған күнімен құттықтады.

Туған күн иесінің құрметіне орай 6697 әскери бөлімінің жеке құрамы атынан әскери оркестр ән шырқап, бөлім командирінің орынбасары Ескендір Сараубеков және гарнизон бастығының орынбасары Бірлік Чебиков арнайы құттықтады.Еске салайық, биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы атап өтіледі.