• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Digital 16 Қаңтар, 2025

Керек дерек

30 рет
көрсетілді

Енді фармацевтикалық қызметке лицензияны «e-License» порталы арқылы алуға болады. Өтінішті кез келген уақытта тапсыруға мүмкіндік бар, ал лицензияны рәсімдеу үдерісі 15 жұмыс күнінен аспайды.

Фармацевтикалық қызметке лицензия – осы саладағы ма­ман­дарға міндетті құжат. Лицен­зия дәрілік препараттар мен ме­ди­циналық бұйымдарды дайын­дау, медициналық заттарды көтерме және бөлшек саудада сату, сондай-ақ олардың өндірісі секілді бірнеше қызмет түрлерін қамтиды. Өтінім беруші рұқсат қағазын алу үшін «e-License» порталында өтінімді рәсімдеп, қажетті нысандарды толтырып және біліктілік талаптарына сай екенін растауы керек.

Қызметті пайдалану үшін аза­маттар ең әуелі порталға тіркеліп, «Денсаулық сақтау», «Қыз­метті лицензиялау», «Фар­мацевтикалық қызмет» бө­лімдерін таңдау қажет. Одан соң «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басып, өтінімді ЭЦҚ немесе QR-код арқылы қол қою арқылы жіберу керек.

Лицензияны алу құны 10 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды.

Айта кетейік, 2023 жылы елі­мізде фармацевтикалық қыз­метті жүзеге асыруға 906 рұқсат құжаты берілсе, 2024 жылдың басынан бері 691 құжат рәсімделді.

Аталған қызмет Цифрлық даму, инновациялар және аэро­ғарыш өнеркәсібі министрлігі­нің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ак­ционерлік қоғамы, Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.