• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қаңтар, 2025

Ұлытау облысында мал іздеп шыққан ер адам жоғалып кеткен

31 рет
көрсетілді

Ұлытау облысының құтқарушылары 15 қаңтар күні хабар-ошарсыз кеткен ер адамды тапты, деп жазады Egemen.kz.

Жергілікті тұрғын Амангелді ауылдық округінің Сарлық ауылынан Қосқонған қыстағына қарай көлікпен мал іздеп шығып, кері оралмаған. 

ТЖМ мамандары ер адамды Сарлық ауылынан 60 шақырым жерде тапты. Түннен бері байланысқа шықпаған ер адамның көлігі қар құрсауында қалып қойған.

«Медициналық көмек қажет болған жоқ. Ер адам Ұлытау ауылындағы туыстарының үйіне жеткізілді», делінген ТЖМ хабарламасында.