• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.55
  • EUR:
    596.03
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Қаңтар, 2025

Шымкентте үш жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен

87 рет
көрсетілді

Оқиға 16 қаңтар күні түс ауа «Асар» шағын ауданында болған. Сәби жансақтау бөліміне жатқызылған, жағдайы өте ауыр деп бағаланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала үлкендердің қарауынсыз қалып, терезенің жанында ойнап жүрген.

«Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көмек көрсету және әрі қарайғы әрекеттерді үйлестіру үшін оқиға орнына жедел жетті. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», деп хабарлады Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Шымкентте 2024 жылы осындай 8 жағдай тіркелген.