• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Ауа райы 22 Қаңтар, 2025

Қазақстанда 40 градусқа дейін аяз болады

125 рет
көрсетілді

Алдағы үш күнде республика бойынша ауа райы температурасының төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

23-24 қаңтарда Солтүстік-батыс циклонының әсерінен елдің шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында қар жауады, ал қалған аумақта жауын-шашынсыз ауа-райы болады. Республика бойынша боран, көктайғақ, тұман, екпінді жел күтіледі.

Республиканың солтүстік жартысындағы ауа температурасы түнде 20-30 градус аяз, жекелеген аудандарда қатты аяз - 35 градус, күндіз 13-20 градус аяз, елдің орталығы мен шығысында 20-35, жекелеген өңірлерде 40 градус қатты аяз, оңтүстікте түнде 15-25 градус, жекелеген аудандарда 28 градус қатты аяз, күндіз 5-15 градус аяз күтіледі.