23 қаңтар күні Астанада мектеп оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері ауа райына байланысты онлайн оқиды, деп жазады Egemen.kz.
«2025 жылғы 23 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген Астана қалалық Білім басқармасының хабарламасында.