• RUB:
    6.63
  • USD:
    518.81
  • EUR:
    596.27
Басты сайтқа өту
Тағайындау 24 Қаңтар, 2025

Талдықорған қаласының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

64 рет
көрсетілді

Талдықорған қаласының бұрынғы әкімі Әсет Масабаев Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әсет Дүйсебекұлы Масабаев 1985 жылы дүниеге келген. 2008 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «Электрэнергетикалық жүйелер және тораптар» мамандығы бойынша, 2014 жылы Экономика және құқық академиясын «Қаржы» мамандығы, Ресей халықтар достығы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы «Алматы электр станциялары» АҚ-ның электромонтеры болып бастаған. 

2024 жылдың 16 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін ULKEN GROUP LTD жеке компаниясының басқарушы директоры болған.