• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Қаңтар, 2025

Атырауда екі жұмысшы биіктен құлап, біреуі қаза тапты

100 рет
көрсетілді

Қайғылы оқиға 20 қаңтарда Атыраудағы тұрғын үй кешенінің құрылысында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ақ Жайық» басылымының жазуынша, Атырауда салынып жатқан тұрғын үй кешенінің бесінші қабатында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан 1983 және 1992 жылы туған жұмысшылар биіктен құлап кеткен.

«41 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды, 32 жастағы ер адам түрлі жарақаттармен Атырау облыстық ауруханасына жатқызылды», делінген хабарламада.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.