• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.58
  • EUR:
    609.36
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Қаңтар, 2025

Елімізде тағы бірнеше жол учаскесі ақылы болады

201 рет
көрсетілді

Елдегі тасжолдың тағы бірнеше учаскесін ақылы ету жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көлік министрлігінің баспасөз қызметі жазғандай, бұйрықтың жобасы жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланған, оларға сәйкес келесі учаскелерді ақылы ету жоспарланып отыр:

Балқаш - Бурылбайтал; Ақтау - Бейнеу; Қандыағаш - Мақат; Қостанай - Денисовка; Таразды айналып өтетін жол; Үшарал - Достық; Шу - Бурылбайтал.

Бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА»  порталында 4 ақпанға дейін қолжетімді.