• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Ауа райы 27 Қаңтар, 2025

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

125 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағы бір солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелер Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы жағдайын тудырады.

28 қаңтарда елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, кейін Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашын әр түрлі фазада: қар және жаңбыр түрінде болады деп болжанады.

Қазақстан Республикасында тұман түсіп, жел күшейеді, республиканың солтүстік жартысында бұрқасын болады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Температураның кенеттен өзгеруі күтілмейді.