• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Білім 27 Қаңтар, 2025

Аралық ҰБТ-да 41 талапкер ереже бұзған

67 рет
көрсетілді

Қаңтар айындағы ҰБТ-ның екі аптасында 79 мыңнан астам бітіруші тест тапсырды, деп жазады Egemen.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, осы аралықта тест тапсырғандардың 70 пайызға жуығы шекті балды жинаған. Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 65-ті құраған. Екі оқушы 137 балл жинап, жоғары көрсеткіш тіркеген.

«Тестке қатысушылардың 76,8%-ы қазақ тілінде, 23,1%-ы орыс тілінде, 46 адам ағылшын тілінде ҰБТ тапсырған. Талапкерлердің басым бөлігі, 16,9%-дан «Математика-Физика» және «Биология-Химия» пәндер комбинациясын тапсырды. 10,3%-ы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 105 адам тапсырған», делінген министрлік мәліметінде. 

Министрлік ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлердің қолайлы тес тапсыруы үшін материалдық-техникалық базаны жақсартуға назар аударып келеді. Тиісті жағдай жасаудың арқасында қаңтар ҰБТ-сына осы санаттағы 203 талапкер қатысқан.

Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Мұндай жағдайда сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетіне жолданады. 

«Қазіргі таңда 111 адамның нәтижесі жойылды. Оның ішінде 70 талапкер смартфон және шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, ал тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 41 адам шығарылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ», делінген министрлік хабарламасында. 

Қаңтар ҰБТ-сы 13 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Тестілеуге қатысуға 167 мыңға жуық талапкер ниет білдірген.