• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Экономика 28 Қаңтар, 2025

Былтыр ел экономикасы 4,8 пайызға өсті

123 рет
көрсетілді

Бүгін Астанада Президент төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов баяндама жасады, деп жазады Egemen.kz.

Премьер-министр Үкімет өткен жылы депутаттық корпуспен өзара бірлесіп, еліміздің одан әрі дамуына бағытталған бірқатар маңызды заңдар әзірлеп, қабылдағанын айтты.

Ал экономикалық өсім 4,8 пайызды құраған. 

«Ауыл шаруашылығында  – 13,7%, құрылыста – 13,1%, саудада – 9,1%, көлікте – 8,5% деңгейінде өсімге қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9%-ға ұлғайды», деді Олжас Бектенов баяндамасында. 

Олжас Бектенов сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету  және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, Үкіметтің басты басымдықтары болып қалатынын мәлімдеді.