• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Қаңтар, 2025

Сирияға террористік ұйым басшысы президент болды

182 рет
көрсетілді

Сириядағы төңкерісшіл топтың көсемі Ахмед аш-Шараа «ауыспалы үкімет кезеңінде» елдің жаңа президенті болып жарияланды. Бұл жөнінде «Әл-Арабия» және Таяу Шығыстағы өзге де ақпарат құралдары хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Мохаммад әл-Джулани ретінде танылған аш-Шараа жетекшілік ететін қарулы топ «Хайат Тахрир аш-Шам» – АҚШ, Батыс елдері мен Ресейде, сонымен қатар Қазақстанда террористік ұйым ретінде танылған.

Аталған топ қарашаның соңы – желтоқсанның басында Башар Асад диктатурасына қарсы қарулы бүлікке шығып, нәтижесінде Асад режимі құлады. Асадтың өзі Мәскеуге қашып, аш-Шараа іс жүзінде елдің жаңа басшысына айналған.

Айта кетейік, Аш-Шараа бұған дейін ауыспалы кезеңнен кейін тұрақты үкімет сайлау нәтижесінде жасақталуы керек деп мәлімдеген, алайда ауыспалы кезең қанша уақытқа созылатынын айтқан жоқ.