• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Қаңтар, 2025

Шетелдіктен 2 мыңдай sim-карта табылған

153 рет
көрсетілді

Шетелдік азаматтың Қазақстанға былтыр желтоқсан айында келгені анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелдікті тексеру барысында 3 sim-box құрылғысы табылған, олардың әрқайсысында 32 sim-карта слоты болған. Сондай-ақ одан 2 мыңға жуық sim-карта тәркіленген. Құрылғылар арқылы Қазақстан азаматтарына алаяқтық қоңыраулар жасалған.Polisia.kz-тің ақпаратынша күдікті таяу шет елдердің бірінің азаматы. Оны Алматы қаласында ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлінісі жалдамалы пәтерде ұстаған. Оған қылмыстық іс қозғалды.

 

Соңғы жаңалықтар