Алматының Жетісу ауданындағы «Гүлдер» саябағында бір топ жасөспірім қыз қатарластарын аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаға қатысушылардың жеке тұлғалары анықталып, полицияға жеткізілген.
«Балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жанжал туындаған екі жасөспірім қыздың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», делінген хабарламада.