Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың бұйрығына сай, аталған лауазымға полиция полковнигі Ерлан Биғамбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ерлан Валерийұлы Атырау қаласының тумасы.
Ішкі істер органдарындағы қызметін 2002 жылдан бастаған, бірнеше басшылық лауазымдарда болған.
Жаңа лауазымына дейін Атырау облысы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы қызметін атқарған.