• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Ақпан, 2025

Әзербайжаннан әскери делегация келді

70 рет
көрсетілді

Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне Әзербайжанның әскери делегациясы келді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Әзербайжан Қорғаныс министрінің орынбасары – Бас директор Агиль Гурбанов бастаған шетел делегациясын Қазақстанның Қорғаныс ведомствосы басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов қабылдады.  

Кездесу барысында екі елдің достық ынтымақтастығы және стратегиялық деңгейі аталып өтті. 

Жиын қорытындысы бойынша қорғаныс саласындағы ары қарайғы қарым-қатынас бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.