Қайғылы оқиға Астанадағы «Алатау» спорт кешенінде болды. Полиция қызметкері жаттығудан шығып, есінен танып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астана полиция департаментінің мәліметінше, оны құтқарып қалу мүмкін болмаған.
«Жедел жәрдем бригадасы дереу реанимациялық шаралар қабылдады, бірақ оны аман алып қала алмады», деп хабарлады ведомстводан.
Тәртіп сақшысының миокард инфарктынан қайтыс болғаны белгілі болды.
Оның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.