• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Ақпан, 2025

Қазақстан Қысқы Азия ойындарында керлингтен екінші рет жеңіске жетті

180 рет
көрсетілді

Бұл туралы министрлікке қарасты Спортты дамыту дирекциясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Еске салайық, Харбинде (Қытай) өтіп жатқан IX қысқы Азиадада керлингтен Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев (аралас жұптық бәсеке) бірінші, екінші ойындарда Қытай және Корея спортшыларына есе жіберсе, үшінші ойында Қатар құрамасынан басым (7-4) түсіп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді.  

Ал төртінші ойында отандастарымыз қырғыз спортшыларын айқын басымдықпен (12-5) ұтып, екінші рет жеңіске жетті.  

Енді спортшыларымыз бесінші ойында бүгін Астана уақытымен сағат 15:00-де Филиппин командасымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар