• RUB:
    6.66
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.91
Басты сайтқа өту
Үкімет 07 Ақпан, 2025

Комиссия отырысы өтті

21 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Республикалық бюджет комиссиясының отырысы өтті.

РБК отырысының қоры­тын­дысына сәйкес орман тәлім­бағын құру, ұлттық гидро­метео­рологиялық қызметті жаң­ғырту және өрт қауіп­сіздігін күшейту арқылы қор­шаған ортаның жағ­дайын жақсар­туға бағытталған жобаларды қаржы­ландыруға қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар қосымша қаржылық қолдауды қажет ететін бірқатар жоба қарастырылды.

Премьер-министр мемлекеттік орган­дардың басшыларына үдерісті қатаң бақылауға алып, шығыстардың негізсіз артуына және жобалар құнының өсуіне жол бермеуді тапсырды. Бағдарлама әкімшілерінің жұмысын күшейту және сметалық құжаттамада ен­гізілген жоба құнын сақтау қажеттігіне назар аударылды.