• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Медицина 10 Ақпан, 2025

Инсульт алған адамның ағзасы төрт сырқатқа салынды

104 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының 62 жастағы тұрғынының ағзалары туыстарының рұқсатымен 4 адамға салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 62 жастағы өңір тұрғыны ауруханаға инсультпен жеткізіліп, комаға түскен. Дәрігерлер инсульт салдарынан оның миының өлгенін растады. Медициналық бригада және трансплантация үйлестірушісімен сөйлескеннен кейін ер адамның туған-туыстары ағза донорлығына келісім берді, осылайша қажетті ағзаны күту тізімінде тұрған 4 сырқаттың өмірін ұзартты.