• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Таным 11 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: «Марк Твеннің» мәнісі

73 рет
көрсетілді

Біз «Марк Твен» деп жүрген амери­калық жазушының шын есімі – Семуель Клеменс.

Жас кезінде болашақ жазушы Миссисипи өзеніндегі кемеде жұмыс істеген. Қызметі – су деңгейін өлшеуші. Қалай өлшейді? Теңізші әр екі метр сайы­н түйіншектелген ұзын арқанды суға лақтырып көреді. Сосын қауіпсіз тереңдік екеніне көзі жеткен соң «mark twain» деп айқайлайды екен. Яғни «mark» – белгі, «twain» – екінші деген мағына. Бұл Семуель Клеменстің өмірін тамаша сипаттайтын әрі өзі жиі айтатын тіркес еді. Сондықтан ол лақап ат ретінде «Марк Твен» есімін таңдады.