Taza.kz

# Таным

Таным • 10 Сәуір, 2026

Қара шалдың жан ариясы

Кісі тағдыры толассыз арпалыстан тұрса керек. Жарық күнді жылап қарсы алған сәби де жылдар жылыстағанда, қартайған шақта, анығы сағаты соғатын сәт таяғанда көз жасын сығуға шамасы жетпейді. Әр кісінің өз тағдырына тән драмасы бар. Ал жас күні көз ұшынан жырақтаған қарияның жан ариясы кімді де болса бейжай қалдырмайды. Өйткені фәни жалғанның күресі таусылмақ емес.

Таным • 09 Сәуір, 2026

Шағатай әдебиеті

Абдурауф Фитрат (Абдурахимуғли) – өзбек халқының біртуар тұлғасы. 1886 жылы Бұхара қаласында дүниеге келген. Ол әуелі молдадан сауат ашып, кейін атақты «Мір Араб» медресесінде білімін жетілдірді. Бұл тұста Исмайыл Гаспыралы реформасы Бұхараға да жеткен. Өлке оқығандары жәдитшілдікті меңгеру мақсатында Бақшасарай мен Ыстанбұлға адамдарын арнайы жіберіп, білім жүйесіндегі тәжірибесін үйренді. Абдурауф 1909–1913 жылдары Османлы елі астанасында оқыды. Өз жұртында «Тарбияи атфол» атты жастар ұйымын құрды. Жас дарын жәдитшілдікпен есейіп, жетілді. Фитраттың Түркістан руханияты тарихындағы маңызды еңбегі – 1918 жылы «Чиғатой гурунги» (Шағатай бәсі) ұйымын құруы еді. Ол 1919–1923 жылдары Бұхара халық республикасында түрлі басшылық қызмет атқарды.1924 жылы Мәскеудегі Шығыс тілдері институтында сабақ берді. Әдебиеттің барлық жанрында жазды. Сонымен бірге түркі әдебиеті тарихы туралы елеулі зерттеу­лер жариялады. Ағайын өзбек елі үшін Абдурауф Фитрат біздің Ахмет Байтұрсынұлындай аса қадірлі. Осындай ірі тұлға саяси қуғын-сүргін кезеңінде НКВД тарапынан 1937 жылы ұсталып, 1938 жылы 5 қазанда нақақ атылған. Төменде «Egemen Qazaqstan» газеті оқырмандарына 1929 жылы «Қызыл қалам» жинағында жарияланған Фитраттың түркі  руханияты тарихында маңызды «Шағатай әдебиеті» атты мақаласын ұсынып отырмыз.

Таным • 07 Сәуір, 2026

Несие сот орындаушыға өтсе, не істеу керек?

Заңгер Рауан Есбергеннің жауабы:

Таным • 02 Сәуір, 2026

Күлтегін жазуының кілті

Биылғы айтулы оқиғаның бірі – 1896 жылы Хельсинки қаласында «Фин-угор» қоғамы редакция алқасының (Suomalais-ugrilaisen seuran toimituksia) шешімімен Финляндия әдеби қоғам баспасынан (Lmprimerie de la societe de literature finnoise) Вильгельм Томсонның «Орхон жазбалары» («Inscriptions de l’Orkhon») атты құнды кітабы жарық көруі. Бұл туындыға биыл 130 жыл толып отыр.

Таным • 02 Сәуір, 2026

Торғай геоглифтері

Ұлттық құрылтайда Қазақстан материалдық емес мәдени мұралар тізіміне өз нысандарын белсенді түрде енгізіп жатқан 25 елдің қатарында екенін ерекше атап өткен Мемлекет басшысы: «Төл тарихымызды зерделеу, өнеріміз бен мәдениетімізді өркендету үшін әлі де көп жұмыс істелуге тиіс. Бұл шаралар алдағы уақытта да жалғаса береді. Елімізде танымдық әрі тағылымдық мәні зор тарихи орындар мен құнды жәдігерлер аз емес», деді.

Таным • 01 Сәуір, 2026

Уытты қайтарған күш

Ара уынан үміт үзілген шақтағы имандылыққа суарылған тылсым күш бір сәбидің өмірін сақтап қалды. Бұл оқиға Ұлы даладағы емшілер тәжірибесін бағамдауға жетелейді.

Таным • 28 Наурыз, 2026

Түйенің құмалағы

Ауылда әкем құралпы Тұрсын деген кісі болды. Қуақы, үлкенмен де, кішімен де қажасып жүретін қалжыңбас, аздап суырып салып бәдік өлең шығаратыны бар адам еді.

Таным • 21 Наурыз, 2026

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Ата қазақ наурыз айында жауған жұмсақ қарды «Наурызша» деп атаған. Бұл сөздің астарында жылылық, көктемге деген аңсар мен ынтызарлық бар. Әдебиетті жақсы түсінетін адам осы айда жауған қарды көрсе, еріксіз «Қыз-Жібек» жырындағы сәтті теңеуді есіне алады. Ол жырда не деп еді?

Таным • 18 Наурыз, 2026

Түгел түркіге ортақ ұлыс мейрамы

Әз Наурыз – түркілердің төл мерекесі. Десе де, бұл мейрамның пайда болуын түркілерден алыстатып, тарихтағы мөлдір бұлақтай бастауларын шығыс халықтарынан немесе парсылардан іздеп, Ұлыстың ұлы күнін жат жұртқа теліп жүрген жоқпыз ба?

Соңғы жаңалықтар
Фото
Яндекс.Метрика