• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Таным 11 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: Құпия құбылыс

174 рет
көрсетілді

Пабло Пикассо сөйлеуден бұрын сурет салуды үйренген. Анасының айтуынша, тілі шыққанда айтқан алғашқы сөзі «Piz!Piz!» яғни қарындаш деген сөз болыпты.

Оның әкесі көркемсурет мектебінде мұғалім болған. Сондықтан Пикассо кішкентай кезінен-ақ дарынды ересектерше сурет сала алатын. Ал есейіп, кемеліне келген шақта ол балалар секілді сурет салды. Кейін кубизм деп аталатын бағыттың негізін қалады. Алғаш болып көгершінді бейбітшілік рәмізі ретінде бейнелеген де – осы кісі. 91 жасында қайтыс болған кезде, Пикассоның артында 20 мың туынды қалды. Ойлаңызшы, 20 мың! Иә бұл – ақылға сыймайтын құпия құбылыс.