Қазақстан Гонконг құрамасын жеңіп, 2025 жылғы Азия ойындарының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалдық кездесуде жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасы Гонконг құрамасын 24:0 есебімен жеңді.
Осылайша хоккейшілеріміз Азия ойындарының жартылай финалына шықты. Бұл турдың матчтары 13 ақпанда өтеді.
Сондай-ақ бүгін, 11 ақпанда қазақстандық фристайлшылар 2025 жылғы Азия ойындарында Қазақстан тарихында алғаш рет Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды.